Құрмантаев Әбдібай туралы

Құрмантаев Әбдібай  (1922 ж. – 1942 ж.)  10 – ауылға қарасты Бұлақ қыстауында, қазіргі Ақбұлақ ауылында туылған. Ворошилов атындағы бастауыш мектепте оқыған, колхозда  жұмыс істеген.

1938 ж. жылы Алматыдағы «Гуртоправ» курсын бітіріп, Сайрам аудандық мал бордақылау кеңсесінде қызмет еткен.

Қазақтың ұлы батыры Әбдібай Құрмантаев  Сталинград шайқасы күндерінде өшпес даңқпен ерданындағы Ворошилов атындағы ауыл шаруашылық артелінің бұрыңғы колхозшысы Әбдібай  Құрмантаев дараланды. Ол дивизиядағы мергендер қозғалысының бастамашысы болды.

21 қараша 1942 жылы даңғы батыр Сталинград қорғанындағы шайқастардың бірінде ерлікпен қаза тапты. Осы шайқаста 12 неміс танкысын, 100- ден астам неміс – солдаттары мен фашисттерін жойып жіберген Әбдібай Құрмантаевтың есімі жұртқа лік көрсетті. Ұрыстарда  көзге түскен жаяу әскерлердің қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауаңыз болған есімдер болып қалды.

 

 

 

 

 

Қаһарман жауынгер «Ерлігі үшін» медалімен, «Қызыл Ту» орденімен марапатталды және оған кіші лейтенант атағы берілді. Атақ-  даңққа табанды жауынгер мақтанып кетпейді. Ол өзінің мергендік шеберлігін шыңдай түсті.

Қазақ халқының батыр ұлы, жерлесіміз кіші лейтенант Әбдібай Құрмантаев ерліктері жөнінде «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» атты жинақта, «Қазақ ССР тарихы II — томында», «Қазақстан тарихы ІV — томында», Мұса Дінішевтің «Сталинградтағы қазақтар туралы», К. Аманжолов, А.Тасболатовтың  «Қазақстанның әскери тарихы», «Фронтовой привет тебе, Казахстан!» хаттар жинағы еңбектерінде көлемді очерктер мен мақалалар жарияланды.

Қаһарман жауынгер, қазақтың айбынды батыр ұлы Әбдібай Құрмантаев біздің жадымызда мәңгілік қалады.

Бүгін жарқын өмірді тарту еткен батырларымыздың ерлігін мақтан тұтып, оны келешек ұрпақтың есінде қалдыру, әрқайсысымыздың ортақ борышымыз.

Өткенді ұмыту – өшкендіктің белгісі, ал оны еске алу өскендіктің белгісі!