
Сайрам аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Мен шебермін» жобасы аясында шебер сынып қашықтықтан өтті.

Білім беру платформаларының мүмкіншілігін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында білікті ұстаздар бас қосып, озық іс-тәжірибесін таратты. Оқушылардың сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, сабақты дұрыс жоспарлау, оның мақсат-міндеттеріне сәтті жету жолдарын талқылады.

Шебер сыныптың үйлестірушісі, аудандық білім беру бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Егинбаева шебер сыныпты өткізудің маңыздылығы мен әр отырысында өзекті мәселелерді көтерудің қажеттілігіне көңіл бөлді. Сонымен қатар, шебер сыныптың өз деңгейінде өтуіне тілек білдірді.

Шебер сыныбында біліктілік санаты педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі, бірнеше әдістемелік құрал мен авторлық бағдарламалардың авторы, №28 «Ақбай» жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойболова Жанат Құралбекқызы спикер болды.

Шебер ұстаз «Сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдерді тиімді платформалармен» тақырыбында дайындаған тәжірибесін ортаға салды.

Шебер сыныптың мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді жаңа платформалар мен жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімділігін талдауға, олардың оқу процесіне қосатын үлесін анықтау және мұғалімдер мен оқушыларға бұл құралдарды тиімді пайдалану жолдарын ұсынуға бағытталған.

Пән мұғалімдері жаңа платформаның ерекшеліктеріне зерделеу жүргізіп, платформалардың енгізу жаңашылдықтарына талдау жасайтын болады.

Тіл маманы жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін ЖИ-тің «SWAP FAGE» платформасымен жасалған кейіпкерді сөйлету әдісін ұсынып, оның тиімді, тиімсіз тұстарын анықтап, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Google формада жасалған «Ойды аяқта» әдісінің сілтемесі ұсынылып, тапсырманы өз ойларымен аяқтау тапсырылды. Бағалау тапсырмалары ұлттық кұндылықтарды негізге ала отырып ұсынылды. Ұсынылған әдіс-тәсілдердің ЖИ платформаларында бағдарламаны қолдану алгоритмімен таныстырды.

Іс-тәжірибе барысында жазған оқу-әдістемелік құралы мен авторлық бағдарламаларымен бөлісті.

Шебер сыныпқа 22 мұғалім қатысты. Тақырып аясында қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылды.

Өз кезегінде мұғалімдер сабақтың басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысы, жаңа сабақтың тақырыбын ашу, «Ойды аяқта» әдісі, бағалау түрлері жайлы маңызды ақпараттар алды.

Қорытындылау сәтінде қатысушылар мұғалімнің шығармашылық жұмысын кері байланыс арқылы да, Google формада жасалған бағалау жүйесі арқылы да бағаларын берді.